Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

2 Наурыз 2020, 14:48
1613
Бөлісу:
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.

Бұл қызметке Бағдат Мәнізоровтың орнына Серік Тұрдалиев тағайындалды. Ол 2017 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен. Ол бұл қызметте 2012 жылдан бері болған. 

Серік Мэлсұлы қызметінен кеткен жоқ деп те айтуға болады, себебі ол осы уақытқа дейін менің штаттан тыс кеңесшім болды. Кезінде бірге қызмет етіп бастағанбыз. Алматыда алғаш рет бизнес-форум мен қазіргі жүзеге асқан көптеген жобаны өткізген болатынбыз, - деді Алматы облысы әкімі Амандық Баталов.

Айта кетсек, былтыр 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары абақтыға қамалды деп хабарланған. Кейіннен экс-орынбасардың қызметінен кеткені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы