Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімі Бағдат Мәнізоров "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспсөз қызметі мәлімдеді
2022 жылы 13 мамыр күні Алматы қалалық ПД ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық) бойынша экс-шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғады, — делінген хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, прокуратура органдары Бағдат Мәнізоровқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркемеген.
2019 жылы қыркүйек айында Антикор Бағдат Мәнізоровтың ұсталғанын мәлімдеген. Араға уақыт салып қылмыстық айыптаулар заңсыз деп көрсетіліп, қылмыс белгісінің жоқтығынан іс тоқтатылды.
Бағдат Мәнізоров 2020 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті.