Алматы облысы әкімдігінің қызметкері қайтыс болды

1 Шілде 2023, 05:23
1344
Бөлісу:
Алматы облысы әкімдігінің қызметкері қайтыс болды
Фото: Артём Чурсинов

Алматы облысының тұрғыны Асы жайлауында өткен мерекелік шарадан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өткен.

Іс-шара аяқталғаннан кейін форумға қатысушылардың бірі өзін нашар сезінген. Тауда кезекшілікте болған фельдшерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда ер адам есіне келместен қайтыс болған.

Алматы облысының әкімдігі марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істегенін хабарлады. Сол күні ол мерекелік шараға демалушы ретінде барған.

Асы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау.

Әкімдік осы жайт қызметкердің халінің нашарлауына себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.

Әріптестің қазасы – ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі, - Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы