Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы орташа қысымды жерасты газ құбырында анықталған апаттық жағдайға байланысты газ беру тоқтатылатынынын хабарлайды.
Газ тоқтату 16 шілдеден бастап Көктем ықшам ауданы, Әл-Фараби – Назарбаев – Сейфуллин даңғылдары – Тимирязев – Попов – Шашкин көшелері аумағында 258 жеке тұрғын үй, 549 көппәтерлі тұрғын үй, 14 коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік кәсіпорын және ЮВРК қазандығын қамтиды – делінген хабарламада.
Осыған байланысты тұрғындардан газ бұрандаларын жауып, "Интергаз Орталық Азия" АҚ магистралдық газ құбырлары басқармасына қарасты Алматы газ шаруашылығының мамандары жүргізетін жұмыстар толық аяқталғанша қайта қоспауын өтінеміз.
Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Себебі аталған жұмыстар Алматы қаласының газ желілерінің апатсыз жұмыс істеуіне бағытталған.