Алматы мұғалімдерінің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді

9 Қаңтар 2021, 11:52
2044
Бөлісу:
Алматы мұғалімдерінің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті.

Жалпы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бірінші өсім 2020 жылдың 1 қаңтарында болды. Бұл шарамен мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, колледждер, қосымша білім беру жүйесі қамтылды.

2021 жылдың нақтыланған бюджеті аясында Алматы мұғалімдерінің жалақысын 25%-ға көтеру үшін республикалық бюджеттен 30,8 млрд теңге бөлінді. Мегаполистегі мемлекеттік мекемелер — мектептер мен колледждерде, балабақшалар мен интернаттарда, мектептен тыс ұйымдарда 32 мың педагогикалық қызметкер жұмыс істейді.

Бұлардан өзге, сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексеру, педагогикалық шеберлік, магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар қарастырылған. Айта кетерлігі, бұрындары магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу болмаған, олар бірінші рет енгізіліп отыр, ал бұрынннан бар сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексерудің қосымша ақылары екі есе өсуде.

Еске салсақ, Алматы әкімдігі мұғалімдерді кәсіби жетістіктерін ынталандыру үшін қаржы бөлуді қарастырған еді. Осыған орай, қала әкімі Б. Сағынтаевтың ұсынысы бойынша «Үздік педагог», «Үздік педагогикалық ұжым» байқаулары жыл сайын өткізіліп келеді.
Өзгелердің жаңалығы