Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге жымқырғандар сотталды

26 Маусым 2024, 14:49
380
Бөлісу:
Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге жымқырғандар сотталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен оңтүстік астанадағы метро құрылысы кезінде 5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді.

Сот талқылауы барысында айыптау жағы сотталушылардың «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» ЖШС басшылары бола отырып, бір топ адаммен 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын салу барысында қаржылық алаяқтықпен, оның ішінде жабдықтың құнын арттырып (іс жүзінде 10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі ақшаны жалған фирмалар арқылы шығарғанын дәлелдеді.

Сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды (негізгі фигуранттар 7 жылдан 8 жылға дейін). Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы