Алматыдағы жер сілкінісінен кейін мешіттерде құрбандық шалынды. Бұл туралы қаланың бас имамы Төлеби Оспан әлеуметік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Имамның жазуынша, Алматыдағы Орталық мешіттен бастап, қаладағы аудандық мешіттерде жер сілкінісіне байланысты құрбандық шалынған. Атап айтқанда, Медеу, Әуезов, Түрксіб аудандары мен Наурызбай, Бостандық, Жетісу, Алатау, Алмалы аудандарындағы орталық мешіттерінде құрбандық малы шалынып, мешітке жиналған жамағатпен бірге жер сілкінуі мен табиғи апаттардан сақтану үшін дұғалар оқылып жатыр.
Кеше түндегі жер сілкінісінен үрейленіп, үйлерін тастап көшеге шыққан қала тұрғындарына қаладағы барлық мешіттер есіктерін ашып, жұртшылықты паналатты, - деп жазды қаланың бас имамы.