Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы мен Мәскеу арасындағы пойыз қатынасы 8 жылдан кейін қайта жанданды

27 Қазан 2025, 02:48
547
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мәскеу мен Алматы арасында тікелей пойыз қатынасы қалпына келтірілді. Тікелей пойыздар екі күн қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар Алматыдан 26 қазанда жергілікті уақытпен сағат 20:00 №7/8 Алматы – Саратов пойызымен аттанды.

Мәскеуден – 30 қазан сағат 19:27-де № 85/86 Мәскеу – Дербент пойызыменаттанады.

Жол жүру уақыты шамамен 3,5 күн.

Жолаушылар Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Саратов, Ртищево, Тамбов, Мичурин, Рязань және басқа да қалаларға аялдайды.

Айта кетері, Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей пойыз қатынасы 2017 жылы тоқтатылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы