Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы мен Cамарқан арасындағы тікелей әуе рейстері қайта ашылады. Билет құны қанша

Бүгiн, 01:28
422
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Отандық FlyArystan лоукостері Алматы – Самарқан бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі маусымда компания рейстерді 21 наурыз бен 30 мамыр аралығында, ал күзгі маусымда 1 қыркүйектен 24 қазанға дейін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Бір бағыттағы әуе билеттерінің құны 34 мың теңгеден басталады.

2026 жылы FlyArystan халықаралық маршруттық желіні кеңейтуді жалғастыра отырып, қолжетімді әуе тасымалдары мен тұрақты операциялық қызметке басымдық береді. Алматы – Самарқан бағыты бойынша рейстердің қайта ашылуы жолаушылардың Өзбекстанға сапарларға деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді және Орталық Азияда тікелей әуе қатынасын дамыту стратегиямызға толық сай келеді, – деді "FlyArystan" АҚ президенті: Ричард Леджер.

Өзгелердің жаңалығы