Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.
Ресми өкіл атағандай, оның ішінде 83 өткізу фактісі, аса ірі көлемде сақтаудың 32 фактісі, есірткіні насихаттаудың 25 фактісі, притонды ұйымдастырудың 3 фактісі және контрабанданың 1 фактісі анықталды.4 қазан мен 30 қараша аралығында Ішкі істер органдары жаңа психобелсенді заттардың таралуына қарсы әрекет етуге бағытталған «Рефлекс-2021» арнайы өңірлік операциясын өткізді. Республика бойынша арнайы іс-шара кезінде синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына байланысты 303 есірткі қылмысы анықталды, - деді Нұрділдә Ораз.
Алматы және Атырау облыстарында екі есірткі зертханасы жойылды, онда 3,5 келіден астам пайдалануға дайын есірткі тәркіленді. Арнайы операция кезінде заңсыз айналымнан барлығы 14,5 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді, - деді ол.