ИИДМ Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/одан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс істеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы мәселелері бойынша Түркияның авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізілген болатын. Нәтижесінде тараптар маршруттарды, рейстер санын екі есеге және тасымалдаушыларды көбейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Осы жұмыстың нәтижесінде «Pegasus Airlines» түрік авиакомпаниясы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап Алматы – Анкара бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосты, қазақстандық жолаушылар Түркия астанасына тікелей рейстермен саяхаттауға мүмкіндік алды.
Алматы және Анкара қалалары арасындағы тұрақты рейстер А320 және Б737 типті әуе кемелерінде сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалатын болады.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.