Алматыда 30 146 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Оның ішінде 3 789 оқушы жекеменшік мектептерде білім алады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.тілшісі.
Биыл Алматыда 12 мемлекеттік мектеп күрделі жөндеуден өтті. Ал 178 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Биыл біздің мектепке 400-ден астам оқушы 1-сыныпқа қабылданды. Жыл сайын мектеп оқушылырының саны артып келеді. Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Бұл тұста әрбір педагог, әрбір ата-ана, психолог тарапынан бірлескен тұрақты жұмысты жедел түрде қолға алуымыз қажет, - дейді №26 мектептің директоры Ғалия Сейтахметова.
Еске сала кетейік, биыл 133 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта жергілікті бюджетте 20,4 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.
Қала әкімдігі "Мектеп автобусы" жобасын іске асыру мақсатында 100 мектеп автобусын сатып алды. Жаңа жобаға бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылған. Автобус қаланың 7 ауданындағы 30 дан астам мектептің 7 722 баланы тасымалдайды.