Алматы маңындағы жер сілкінісі жөнінде ТЖМ жаңа мәлімет жариялады

Бүгiн, 10:00
549
Бөлісу:
Алматы маңындағы жер сілкінісі жөнінде ТЖМ жаңа мәлімет жариялады
Фото: pixabay.com

25 қарашада түнде Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісі Алматы, Жетісу облыстарындағы бірнеше ауылда сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минут 15 секундта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің координаттары: 44.280 с.е. 79.740 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылық (балмен):

Алматы 2 балл,

Жаркент қаласы 4 балл,

Шонжы ауылы 3 балл,

Текелі 3 балл,

Қырғызсай ауылы 2 балл,

Қарабұлақ кенті 2 балл,

Жансүгіров ауылы 2 балл,

Көкпек ауылы 2 балл,

Сарқант қаласы 2 балл,

Талдықорған қаласы 2 балл.

Өзгелердің жаңалығы