Алматы облысы маңындағы орманнан қару-жарақтар табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Талғар ауданының аумағындағы орманнан МЕ-8 Police газ тапаншасы мен бір ОСА травматикалық тапаншасын тауып,тәркіледі.
Сонымен қатар 5,6 мм калибрлі ТОЗ иір ойықты мылтық, 3 LSG гранатасы, 3 бірлік жарық-дыбыстық гранаталар және 7,62 мм калибрлі 15 патрон, оқ-дәрілер табылды.
Аталған дерек полицияда ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі ( Атыс қаруын тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.