Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

4 Ақпан 2021, 13:26
2039
Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 230 шақырым жерде, таулы аймақта, Алматы облысының Кербұлық ауданында орналасқан. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 2021 жылғы 4 ақпанда Алматы уақытымен 12 сағат 23 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.9. MPV магнитудасы 4.2. Эпицентрдің координаттары 44.64° с.ш. 78.97° в.д. Тереңдігі 15 шақырым. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ,-делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар еткен. Сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.

Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);

- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;

- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.

- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;

- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;

- жеделсатыны пайдаланбаңыз;

- сіріңке, шам жағуға болмайды;

- сымдарға қол тигізбеңіз;

- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.



Өзгелердің жаңалығы