Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

22 Шілде 2023, 22:35
887
Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Фото: zakon.kz

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 299 шақырым қашықтықта, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытайда орын алған жер сілкінісін Алматының сейсмикалық станциялары тіркеді.

2023 жылғы 22 шілдеде Алматы уақыты бойынша сағат 14:52-де (2023 жылғы 22 шілдеде сағат 08:52-де) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «САМЭ» ЖШС Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 299 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан», - деп хабарлады Алматы қаласы ҚҰҰ кезекші операторы.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы