Қазақстандық сейсмикалық станциялар 1 ақпан таңғы сағат 07:05-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің параметрлері:
• Координаттары: 41.038° солтүстік ендік, 78.387° шығыс бойлық
• Магнитудасы: 4.5
• Энергетикалық класы: 9.8
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бұл жер сілкінісі адамдар үшін сезілмеген, яғни Алматыда және жақын маңдағы елді мекендерде дүмпулер байқалмаған.