Алматы маңында жер сілкінісі болды

23 Тамыз 2022, 23:27
6417
Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінісі болды

23 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 16:03-те Алматы қаласынан 388 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның Сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде, Қытай аумағында болғанын тіркеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6.

Магнитудасы – 4.1.

Эпицентр координаттары – 41,67° с.е және 81,14° ш.б.

Тереңдігі – 15 км.

Өзгелердің жаңалығы