2025 жылғы 24 наурызда Астана уақытымен 11:17-де Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының» дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 207 шақырым қашықтықта болған. Жер асты дүмпулері аспаптар арқылы анықталған, бірақ адамдарға сезілмеген.
Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мамандарының айтуынша, халыққа ешқандай қауіп жоқ.