Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні 21 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде Қазақстанда орналасқан.
Магнитудасы: 5,5 Тереңдігі: 10 км.
Жер сілкінісінің 2-3 балдық дүмпуін Алматы және Алматы облысының тұрғындары сезінген.