Алматы маңында жер сілкінді

19 Қараша 2022, 01:15
3900
Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінді

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 662 км қашықтықта екі рет жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 17:30-да және 17:44-те жер сілкінісін тіркеді.

Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 625 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы 9.7. Магнитудасы MPV 4.4. Эпицентрінің ошағы 41.32° с.е 84.03° ш.б. Тереңдігі 30 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Ал екінші зілзаланың ошағы Алматыдан 662 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Энергетикалық класы 11.0. Магнитудасы 4.8. MPV. Эпицентрінің ошағы 41.12° с.е. 84.40° ш.б. Тереңдігі 20 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы