Алматы маңында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

9 Қаңтар 2021, 10:38
1859
Бөлісу:
Алматы маңында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. 9 қаңтар күні Алматыдан 65 шақырым қашықтықта жер сілкіні тіркелді.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 9 қаңтар Алматы уақыты бойынша 09 сағат 18 минут 29 секундта жер сілкінісін тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 65 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 8.9. Жерсілкінісі ошағының координаттары - 43.79° с.ш. 76.79° в.д. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді,-делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы