Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы крематорийі іске қосылуға дайындалып жатыр

3 Қараша 2025, 10:47
341
Бөлісу:
 er-ai-construction.kz
Фото: er-ai-construction.kz

Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау мақсатында Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына берді.

Объект бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді, оның нәтижелері бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын.

Нәтижесінде әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен объект Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» ШЖҚ КМК балансына берілді.

Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады.

Бұған дейін Алматыда 1,5 млрд теңгеге салынған крематорий министрлікке керек болмай қалғаны жайында жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы