Алматы көпір құрылымдары зауыты ТМД елдерінде көшбасшы кәсіпорынға айналып отыр

10 Маусым 2023, 20:29
783
Бөлісу:
Алматы көпір құрылымдары зауыты ТМД елдерінде көшбасшы кәсіпорынға айналып отыр
PHOTO
Фото: автордан

Шағын зауыттан ірі мекемеге айналған «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ТМД елдерінде көшбасшы кәсіпорынға айналды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі. 

Мекеме бүгінде Батыс Сібір мұнай-газ кешені, Үлкен-Алматы каналы, «Медеу», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» сияқты жобалардың құрлысына ат салысқан кәсіпорын ретінде танымал.

Қиын-қыстау кезеңдері, қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз еткен.

Алматы көпір құрылымдары зауыты ТМД елдерінде көшбасшы кәсіпорынға айналып отыр

Кәсіпорынның 60 жылдық мерейтойына орай 60-тан астам ең үздік жұмысшылар, ардагерлер марапатталды. Бүгінгі іс-шарамызға белді де беделді азаматтарымыз қатысып жатыр. Бұл бізге, мекемемемізге үлкен қуаныш. Шетелдік әріптестерімізден де құттықтау хаттары келіп жатыр. Қарап отырсам, осы мекемеге жастай келген қызметкерлеріміз үлкен ақсақал атанған. Жастарымыздың осы салада жүргеніне 10-20 жыл болған. Кәсіпорының әлеуеті артып, жыл сайын жас мамандарды жұмысқа аламыз. Бізде ресми тіркелген тәуелсіз зертханамыз бар. Ол жалпы зауыттың жүрегі десек болады. Осы зертханамыздың өзінде де, көптеген жас мамандар қызмет атқарады. Көпір құрылымдары, көпірлердің өзі стратегиялық мақсаттағы объектілерге жатады. Яғни, олар өте сапалы материалдардан жасалуы қажет. Зауыт зертханасында біз өнімдеріміздің сапасын жіті қадағалаймыз, – дейді «АЗМК GROUP» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Шардинов.

Еске салайық, АҚҚЗ өндірістік қуаты жылына 170 000 м3-тен астам құрама бетон мен темірбетонды құрайды. Өз өнімдерін зауыт ТМД елдеріне және Қазақстан аумағында жұмыс істейтін Түркия мен Қытайдан келген компанияларға сатады.

Өзгелердің жаңалығы