Алматы көпір құрылымдары зауыты 60 жылдық мерейтойын қалай атап өтті?

10 Маусым 2023, 17:35
800
Бөлісу:
Алматы көпір құрылымдары зауыты  60 жылдық мерейтойын қалай атап өтті?
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда жарты ғасыр бұрын іргесін қалаған «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС 60 жылдық мерейтойы ұйымдастырылды. Салтанатты жиын ашық аспан астында 300- ден астам адамның қатысуымен өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі. 

Іс-шараның шымылдығын қала әкімдігі мәжіліс пен мәслихат Парламентінің депутаттарының алғыс сөзімен ашылды. Әрмен қарай, зауытта еселі еңбек атқарған қызыметкерлер төсбелгі мен марапаттарға ие болды. Еске салайық, зауыт жол және азаматтық құрылыс үшін 360-тан астам бұйымдар мен құрылымдар шығарады.

Алматы көпір құрылымдары зауыты  60 жылдық мерейтойын қалай атап өтті?

Зауытқа 2011 жылы студент болып келіп практикадан өттім. Дипломымды қорғағанан кейін, осы жерге жұмысқа шақырды. Алғашында қарапайым лобарант болып жұмысқа қабылдандым. Осылайша, сынау зертханасының басшысына дейін мансабым өсті. «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС зауытында 12 жыл еңбек еттім. Енді міне ТМД елдерінің жолшылар қауымның атынан медаль алып отырмын. Кәсіп орынның арқасында осындай жетісікке жеттім. Еңбегім еленіп, бағаланып жатқанына қуаныштымын, – дейді «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС зауытының сынау зертханасының басшысы Данияр Ибраймов. 

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Өнерлі қыз-жігіттер жанды дауыста ән шырқап, биден шашу шашты. 

Алматы көпір құрылымдары зауыты  60 жылдық мерейтойын қалай атап өтті?

Кәсіпорын айналасында берекелі дастархан жайылып, қонақтарға дәм ұсынылды. Ардагерлер жүрек-жарды тілегін арнап, зауыт басшылығына алғысын білдірді.

Өмірімнің жарты кезеңін осы кәсіпорында өткіздім. Жұмысымыз күрделі әрі қызықты өтті. Басшылық әр қызыметкермен тілдесіп, жұмысқа ынта жігерімен араласатын. Сол себептен болар, қызыметкерлердің барлығы басшылыққа ризашылығын білдіреді. Жұмыста барлығымыз тату-тәтті көңілді қызымет істейміз. Болашақта зауытымыз көркейіп, әлем елдерінің сұранысына ие боларына сенімдімін. Басшылықтық табыстаған марапатына рахметімді айтамын, – дейді ТМД үздік жолшысы медалінің иегері Тугулук Құдайбердиев

Өзгелердің жаңалығы