Алматыда карантин қай кезде аяқталады?

2 Сәуір 2020, 16:24
20741
Бөлісу:
Алматыда карантин қай кезде аяқталады?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Карантин қашан бітетіні белгісіз. Облыстағылар Алматыға тек карантин біткен соң барып қана кіре алады. Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифингте айтты.

Көптеген азамат Алматыда жұмыс істеп, күнелтіп жүрді. Дегенмен, мемлекет басшысы табысынан айырылған адамдардың барлығына көмек көрсетуді тапсырды. Бұл 3 миллиондай адам, оның барлығына көмек көрсетіледі. Біз бұл сынақты бәріміз бірге өткереміз деген ойдамын, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол карантин кезінде азаматтардың жеке көлігімен жүруіне шектеу жасалғанын айтты. 

Бұл жөнінде арнайы актілері де бар. Жеке көлікпен тек медицина, коммуналдық қызмет, құқыққорғау және азық-түлікпен қамтитын мекемелердің өкілдері жүре алады. Бұл адамдардың барлығы өз өмірлерін, тіптен жақындарының өмірін тәуекелге тіккен жандар. Мүмкіндік болса, бұл адамдар да үйінде отырар еді. Сондықтан олардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын. Қалған азаматтарға жеке меншік көлігімен жүруге толығымен тыйым салынған. Сонымен қатар, қала ішінде қызмет көрсететін 2 мың таксиге карантин уақытында адам тасуға рұқсат берілді, - деді ол. 

Сөз арасында ол 28 Панфиловшылар саябағында өлген кептерлердің мәселесіне тоталып өтті.

Ол кептерлер зертханалық сараптамаға жіберілді. Нәтижесі бүгін кешке дайын болып қалуы керек. Бұл мәселе барлығымызды алаңдатып отыр. Көшені залалсыздандыру кезінде қолданылатын ерітінділердің барлығы адам азғасына зияны жоқ, - деді әкім орынбасары. 
Оның айтуынша, кептерлердің өлу себебі туралы әртүрлі болжамдар жасалуда. Мәселен, кейбір маман олардың аштан өлуі мүмкін дегенді айтқан. Өйткені бұған дейін оларды адамдар тамақтандырып келсе, саябақ жабылғалы қараусыз қалған. 
Бұл саябақ 19 наурызда залалсызданып, 20 күні жабылды. Ал құстардың өлгені туралы мәлімет 25 күні тарады. Сондықтан олардың неден өлгені түсініксіз. Оның үстіне қыс кезінде ол жерде мұз айдыны болды. Сол күндері ол жерде демонтаж жұмыстары жасалды, соның қалдықтарын жеген кептерлер өлген болуы да мүмкін. Өйткені Алматының өзге жерлерінде құстардың өлгені тіркелмеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы