Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте 2021 жылы әлеуметтік салаға 189 миллион теңге бағытталғанын хабарлады.
Сайран Сайфеденов атап өткендей, ауданда 584 отбасынан 2 784 адам АӘК алады. Отбасының бір мүшесіне ай сайынғы төлемдердің орташа мөлшері 8 571 теңгені құрады.
Ауданда халықтың аз қамтылған әлеуметтік-осал топтарынан барлығы 14 378 адам бар. Оның ішінде 6 707 мүгедек, 3 756 көп балалы және аз қамтылған отбасы, 3 915 ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер бар. Аудан әкімдігінің волонтерлері мен қызметкерлері биыл 4 541 отбасын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті: «Халық» қорынан 648 мұқтаж отбасыға және демеушілерден – 3 893 отбасына көмек көрсетілді,-деді аудан әкімі.
Бұдан өзге, қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру бойынша бағдарламалар жұмыс істейді. Осы жылы Әуезов ауданында 5 000-нан астам тұрғын жұмыспен қамтылды.
Жергілікті атқарушы органдар жұмыс іздеуге көмектесіп қана қоймай, біліктілікті арттыру курстарына жібереді, өз ісін ашуға жәрдемдеседі, жаңа дағдыларға үйретеді, - деді Сайфеденов.
Мысалы, «Еңбек» бағдарламасы бойынша биыл 5085 адам жұмысқа орналастырылды: тұрақты жұмысқа – 3 048, әлеуметтік жұмыс орындарына – 175, қоғамдық жұмыстарға – 1 200, жастар тәжірибесіне оқу орындарының 267 түлегі, бизнес ашуға гранттар 203 алматылық алды, қысқа мерзімді курстардан – 163 адам өтті және алғашқы жұмыс орнына – 29 адам жұмысқа орналастырылды.
Сайран Сайфеденов жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік бейімделуге және кәсіптік бағдар беруге де ықпал ететінін атап өтті. «Қолдау» бағдарламасы бойынша Әуезов ауданының 14 тұрғыны өз бизнесін ашуға 2-ден 5 миллион теңгеге дейін грант алды. Гранттық қолдаудың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асты.