Алматы іргесіндегі тұрғын үйден өрт шықты

Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Видеодан скриншот 6 Тамыз 2024 2024, 17:00
6 Тамыз 2024 2024, 17:00
916
Фото: Видеодан скриншот

Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты,  деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстың құтқарушылары көпқабатты үйдегі өртті сөндіріп үлгерді.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 9 қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабаттағы пәтердің балконы жанғанын анықтады. Өрт 7 және 8-қабаттағы пәтерлер мен балкондарға ауысты. Үйдің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. ТЖМ күштерімен өрт 60 ш.м жалпы алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,- деді Алматы облысының ТЖД. 

Наверх