Алматы хайуанаттар бағындағы ягуарлар егіз төлдеді

21 Желтоқсан 2022, 20:43
866
Бөлісу:
Алматы хайуанаттар бағындағы ягуарлар егіз төлдеді

Мамандардың мәліметінше, жалпы ана ягуар мен төлдердің жағдайы жақсы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы хайуанаттар паркі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Мекеменің қамқорлығындағы ягуарлар жұбы егіз төлдеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Васек пен Момын деп аталатын ягуарлардан туған төлдерге Мика және Мәди деген атаулар таңылған. Олардың бірі - еркек, бірі - ұрғашы.

«Олар 9 шілдеде туған, бірақ біз қазір ғана айтып отырмыз, өйткені өте ырымшылмыз және төлдердің өсуін күттік. Мика әкесіне ұқсайды, терісінің түсі қара, ал Мәди анасы сияқты, терісі - теңбіл. Бірақ Миканың мінезі анасына тартқан, өте мейірімді, ал Мәди анасына ұқсаса да, әкесі Васек сияқты шапшаң әрі бұзық», - деп жазды зоопарктен.

Мамандардың мәліметінше, жалпы ана ягуар мен төлдердің жағдайы жақсы. Кез келген үй марғаулары сияқты, Мәди мен Мика да бір-бірімен немесе анасының құйрығымен ойнағанды ұнатады.

Айта кетерлігі, бұл жануарлар Оңтүстік Американың жылы елдерінен әкелінген. Олар қыста «Жыртқыш сүтқоректілер» павильонында тұрады.

Өзгелердің жаңалығы