Алматы хайуанаттар бағында амур жолбарыстарының үш күшігі дүниеге келді

Қазір жолбарыс күшіктерінің жасы шамамен 2,5 айға жеткен.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 09:15
Бүгiн 2026, 09:15
172
Фото: istockphoto.com

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық – амур жолбарыстары Бентли мен Ярга өмірге үш күшік әкелді. Үшеуі де – аталық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хайуанаттар бағының мәліметінше, күшіктер 11 қаңтарда дүниеге келген. Алғашқы айларда олар анасымен бірге жабық орында болып, келушілерге көрсетілмеген.

Қазір күшіктердің жасы шамамен 2,5 ай. Мамандардың айтуынша, олардың жағдайы жақсы: әлі де анасының сүтімен қоректеніп жүр, бірақ біртіндеп етке де үйрене бастаған.

Жақында кішкентай жыртқыштар алғаш рет үлкен қоршауға шығарылып, айналаны зерттей бастаған. Енді хайуанаттар бағына келгендер амур жолбарыстарының жаңа отбасын өз көздерімен көре алады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы хайуанаттар бағы / Алматинский зоопарк (@almatyzoo)

Наверх