Алматы емханаларына Pfizer вакцинасының 50 мыңға жуық дозасы таратылады

11 Қараша 2021, 12:01
1362
Бөлісу:
Алматы емханаларына Pfizer вакцинасының 50 мыңға жуық дозасы таратылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының алғашқы 46 800 дозасы келіп түсті. Одан соң алгоритмге сәйкес екпе мегаполистің барлық емханалық ұйымдарына бөлінетін болады.

Біз вакцинаның температуралық режимнің барлық шарттарын сақтай отырып жеткізілуін бақыладық және оған көз жеткіздік. 8 қорапта қапталған вакцинаны алдық. Барлық қораптар зауыттан вакцина қоймасына дейінгі барлық жол бойында температуралық датчиктермен жабдықталды, – деді Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының инфекциялық бақылау эпидемиологиялық мәселелері жөніндегі орынбасары Эльвира Ибрагимова.

Алматы емханаларына Pfizer вакцинасының 50 мыңға жуық дозасы таратылады

 


Оның айтуынша, вакциналау бірінші кезеңде медициналық мекемелерде, содан кейін мектептер мен ЖОО-да өтеді.

Біз барлығы 46 800 доза алдық. Мұнда бірінші және екінші компонент бар. Сондықтан біз оны екіге бөлуіміз керек. Бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі, – деп атап өтті аурухана директорының орынбасары.

Аталған екпе жүкті, бала емізетін әйелдер және 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады.

Жүктілікке қатысты да белгілі бір мерзімдер бар, яғни жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейін болады. Бала емізетін әйелдер бала туылған сәттен бастап 42 күннен кейін вакцинацияланады, – деп түсіндірді дәрігер.

Вакцина қоймада Цельсий бойынша 60-тан -90 градусқа дейінгі температуралық режимде сақталады.
 

 

Алматы емханаларына Pfizer вакцинасының 50 мыңға жуық дозасы таратылады


 

Емханалар вакцина алған кезде температура режимі өзгереді. Яғни, вакцинаны сақтау Цельсий бойынша + 2, + 8 градус температурада жүзеге асырылады. Нұсқаулықта көрсетілгендей, бір ай ішінде аталған вакцинаны осы температуралық режимде сақтау шарт.

Алматы емханаларына Pfizer вакцинасының 50 мыңға жуық дозасы таратылады


 


 

Өзгелердің жаңалығы