Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматыға 5 мыңнан аса тест құралын жеткізгенін мәлімдеді.
Нәтижесінде бүгіннен бастап медицина қызметкерлерін және коронавируспен күреске жұмылдырылған адамдарды тексеру бастаған.
Олар ҚР Ұлттық гвардиясы, құқыққорғау органдары мен блок-бекеттерде жұмыс істеп жатқан адамдар. Сонымен қатар, ЖРВИ анықталып, ем қабылдап жатқандарды да тестпен тексеріп жатырмыз. Наурыз айынан бері пневмония күдігімен түскен 255 адам тест тексеруден өтті. Пневмониямен түскен 24 адамнан инфекция анықталса, тағы бір адамнан осындай кешенді тескерудің арқасында инфекция жұқтырғаны белгілі болды, - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақыт бойынша Алматыда 121 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның екеуі соңғы тәулікте анықталып отыр. Бір адам Санкт-Петербургтен келген науқаспен байланыста болған, екіншісі де ауырған адаммен байланысқан.
Стационарлық карантинде - 877 адам бар, үй карантинінде - 5217 адам оқшауланған. Жұқпалы аурулар ауруханасында - 211, провизорлы карантинде - 301, карантинді госпитальда - 388 адам бар. Қаладағы вирус анықталған 121 науқастың 65 пайызы ауырғандармен байланыста болғандар. 30 пайызы сырттан жұқтырып келгендер, 5% жергілікті, - дейді Молдағасымова.