Бүгін Алматы-Екатеринбург тас жолында болған жол-көлік оқиғасы кезінде жедел медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Апаттар медицинасы орталығы филиалының Ақшатау тас жолы медициналық-құтқару орталығының медицина қызметкерлері 743 шақырымға Алматы-Екатеринбург тас жолына шақыртуға шықты.
Зардап шеккен төрт адамға жедел медициналық көмек көрсетілді. Олар Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.