Алматы – Екатеринбург автожолында Өзбекстанның 53 азаматы эвакуацияланды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 53 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 10 Желтоқсан 2024 2024, 23:48
10 Желтоқсан 2024 2024, 23:48
619
Фото: скрин

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 53 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін 112 нөміріне Алматы - Екатеринбург автожолында Сарышаған кентінен 5 шақырым жерде жолаушылар автобусы бұзылды деген хабарлама келіп түсті, - деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Құтқарушылар автобустан жақын маңдағы жылыту пунктіне 53 жолаушыны эвакуациялады.

Эвакуацияланғандар Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты.

Медициналық көмекке мұқтаж емес, - деп жазылған хабарламада.

Наверх