Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

19 Желтоқсан 2019, 12:50
5701
Бөлісу:
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

Алматы, BAQ.KZ.  Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың үкімімен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Тілеухан Әбілдаев тағайындалды. Бұл туралы Басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын медицина қауымдастығына таныстырды.

Тілеухан Әбілдаев бұған дейін "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы филиалының директоры болып қызмет атқарған.

Басқарманың бұрынғы басшысы Қанат Төсекбаев 2019 жылдың қыркүйегінде жұмыстан кеткен болатын.

Тілеухан Әбілдаев 1962 жылы 6 қарашада дүниеге келген. 1985 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы қаласындағы №2 қалалық клиникалық емханада медицина қызметкері ретінде бастаған.

Өзгелердің жаңалығы