Өрт сөндірушілер Алматы базарындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
9 шілде сағат 12:00-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, солтүстік айналма 118/4 мекенжайына жіберілді.
Өрт сөндірушілер жеткенде контейнерлік типті қоймалар жанып жатқан.
Жедел Штаб ашылды, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды-көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.
Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктердің үлкен жану жүктемесіне, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан, өрт сағат 14:05-те жойылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД күштері мен құралдары 74 адам, 20 бірлік техника құрамында және қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған.