"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап Алматы мен Балқаш арасында тікелей теміржол қатынасын ашады, деп хабаралайды BAQ.KZ.
Пойыз күнара қатынайды, бұл жолаушыларға өңірлер арасындағы сапарды барынша ыңғайлы және қолжетімді етеді. Пойыз құрамында бір купелік және бір плацкарттық вагон бар.
Орын саны: купеде – 36, плацкартта – 54 жолаушы. Осылайша, пойыз бір сапарда 180 жолаушыға дейін тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жол жүру кестесі:
•Балқаш-Алматы: жұп күндері сағат 07:52-де жөнелтіледі, Алматыға 00:58-де келеді.
•Алматы-Балқаш: тақ күндері сағат 00:10-да жөнелтіледі, Балқашқа 15:03-те келеді.
Билеттер бағасы 7 722 теңгеден басталады. Бұған дейін Балқаш тұрғындары Алматыға жету үшін алдымен Сарышаған станциясына барып, сол жерде пойызға ауысуға мәжбүр болатын. Енді тікелей бағыттың іске қосылуымен жол жүру уақыты қысқарып, сапар әлдеқайда қолайлы әрі ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар, бұл бағыт, әсіресе демалыс маусымы қарсаңында, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға серпін беретін маңызды жобаға айналады. Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында сапарға 45 күн қалғанда қолжетімді. Бұл жолаушыларға өз сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді, - деп жазды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.