Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы әуежайындағы кезекті оқиға: Жолаушы өз тамағын кесіп тастады

29 Тамыз 2025, 20:03
1112
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматы әуежайының T1 ішкі рейстер терминалында дәретханада тағы бір оқиға болды. Жолаушылардың бірі дәретхана бөлмесінде өз-өзін өлтірмек болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдайды дереу медициналық қызметке шақырған қызметкерлер уақтылы байқаған. 

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында. 

Алматы әуежайындағы кезекті оқиға: Жолаушы өз тамағын кесіп тастады

Әуежайдың жұмысы штаттық режимде жалғасуда. Ал әлеуметтік желілерде сынған шыны бөтелке мен едендегі қан іздері көрінетін фотосуреттер пайда болды. 

Баспасөз қызметі төтенше жағдай туралы ақпарат бақыланатынын және жолаушыларға қауіп төнбегенін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 тамызда Алматы халықаралық әуежайының Т-1 терминалында ер адам өзін-өзі өртеп жіберген еді. Бұл әрекеттің себебі ер адамның азаматтық жұбайымен жеке қақтығысы екендігі алдын ала анықталған. Оның әрекетін полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері тез арада тоқтатты, содан кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы