Әуежайға кіреберісті бақылау жүйесінде ақау орын алып, рейстер уақытша кешікті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, келеңсіздік ішкі рейстерге арналған аймақта болған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.
Әуежайдың ішкі рейстерге арналған келу аймағында кіруді бақылау жүйесінде қысқа мерзімді іркіліс орын алып, жолаушылар ағынының уақытша араласуына себеп болды. Қауіпсіздік бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларды қайта тексеру жүргізілді. Барлық шаралар жедел әрі ұйымдасқан түрде орындалып, рейстер кестесіне елеулі әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады. Әуежай қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жолаушылардың түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреміз,- деді баспасөз қызметі.