Мегаполис әуежайының онлайн таблосына сәйкес, Алматыдан Астанаға, Павлодарға ұшатын рейс кейінге шегерілді.
Сондай-ақ Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау, Орал, Көкшетау, Қызылорда, Ташкент, Фукуока, Пхукет, Дели, Анталия, Доха және Дубайдан ұшып келетін рейстер кешігіп жатыр.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі, халықаралық әуежайдың қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын және ешқандай үзіліс байқалмағанын хабарлады.
Air Astana Алматыдан ұшатын барлық рейстердің кешігіп жатқанын мұзды тазартуға арналған кезекке байланысты деп түсіндірді. Әуе рейстер өңдеу аяқталған соң жөнелтіледі.