Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртемек болды

25 Тамыз 2025, 22:53
1258
Бөлісу:
 alaport.com
VIDEO
Фото: alaport.com

Бүгін, 25 тамыз күні сағат 22:06-да Алматы әуежайының "Т-1" терминалында ер адам өзін-өзі өртеуге әрекет жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әуежай кассасы маңында болған. Полиция қызметкерлері мен әуежайдың қауіпсіздік өкілдері жалынды дереу сөндіріп, жедел жәрдем шақырған.

Зардап шеккен азамат қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы нақтылануда.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы