Әуежайға 100 млн доллар инвестиция салынады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы әуежайының президенті Гокер Косе «Green Airports» аймақтық семинарында мәлімдеді.
Фото: автордан
Келесі жылдың соңына дейін ескі әуежай терминалындағы жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ әуежайдың сол жақ ұшу жолағына инвестиция құйылатын болады. Жалпы әуежайға кем дегенде 100 млн доллар инвестиция салынады. Біз қазір нақты мастер-жоспар жасаудамыз, ол инвестицияларды дұрыс бағыттауға көмектеседі, - деді Алматы әуежайының президенті.
Ол сондай-ақ әуежай аумағында орналасқан бомбадан қорғану орындарын күшейтіп жатқанын атап өтті.
Алматы әуежайының жаңа терминалы уақытынан бұрын салынып, іске қосылды. Сондықтан біз кей кемшіліктерді әлі де жойып жатырмыз. Алдағы уақытта әуежайдың салаларын дамытуға көмектесетін инвестициялар жасалады. Біз, тіпті, әуежай аумағында орналасқан бомбадан қорғану орындарында күшейтіп жатырмыз. Сондықтан алдағы 3-4 жылда барлығы мінсіз сапада болады, - деді Гокер Косе.