Алматы халықаралық әуежайы вокзал алаңы мен жабық автотұрақ кешені аумағында көлік қоюға жаңа тарифтер енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңартылған тарифтер енді мынадай:
15 минутқа дейін – төлемсіз күніне екі реттен көп емес;
15 минуттан 1 сағатқа дейін – 500 теңге;
1 сағаттан 2 сағатқа дейін – 700 теңге;
2 сағаттан 4 сағатқа дейін – 1000 теңге;
4 сағаттан 6 сағатқа дейін – 1500 теңге;
сағат 6-дан 12-ге дейін – 2400 теңге;
12-ден 24 сағатқа дейін – 3500 теңге;
24 сағаттан астам, кейінгі толық және ішінара күндерге – 5 000 теңге;
Купонды жоғалтса – 500 теңге.
Ұзақ уақыт бойы тұрақ аймағында қалған көліктердің күнделікті санының өсуіне байланысты негізгі тұрақ инфрақұрылымына айтарлықтай қысым түсіп жатыр. Біз оңтүстік автотұрақты балама нұсқа ретінде пайдалануды ұсынамыз, - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Әуежай сонымен қатар оңтүстік автотұрақ аймағындағы тарифтер өзгеріссіз қалады деп мәлімдеді.