Алматы ауданында 200 бейнебақылау камерасы орнатылады

Алматы ауданын бейнебақылау жүйесімен қосымша жабдықтау бойынша жоспарлы кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Алматы ауданының әкімдігі 1 Тамыз 2023 2023, 14:42
1 Тамыз 2023 2023, 14:42
1199
Фото: Алматы ауданының әкімдігі

Алматы ауданын бейнебақылау жүйесімен қосымша жабдықтау бойынша жоспарлы кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы ауданының әкімдігінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда қиылыстар мен көшелер, тұрғын үй секторының 70%-дан астамы бейнемониторингпен қамтылған.

Жыл басынан бері бейнебақылау жүйесінің арқасында аудан бойынша 158 қылмыс анықталды.

Маусымның соңына дейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ауданда тағы 200 камера пайда болады.

Аудан аумағында барлығы 7 925 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның ішінде – 1 800 камера қиылыстарда және үй маңындағы аумақтарындағы адамдар көп жиналатын орындарда орнатылған.

Наверх