Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдар тобы жасаған аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымын Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы полиция департаментімен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел іс-шараларды өткізу кезінде Алматы, Астана және Орал қалаларында шетелден есірткі заттарын алған адамдар анықталып, ұсталды, дайындалған есірткіні кейін сатып, өңірлер бойынша жеткізу халық тұтынатын қарапайым тауарлар түрінде жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша шамамен 60 гр.гашиш майы, 700 гр. марихуана тәркіленді. Сондай-ақ Алматы қаласында есірткі заттарының белгілері бар өсімдік тектес заттарды өсірумен айналысқан зертхана анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған төрт адам УҰИ-ға қамалды.
ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етілмейді.