Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 11 тамыз күні сағат 19.15-те жер сілкінісін тіркеді.
"Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 224 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8,5. MPV магнитудасы – 3,8. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ", - дейді мамандар.