Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2017 жылдың 10 тамызда Алматы қаласының түбінде оқу-жаттығу кезінде ұшақтың апатқа ұшырауына негізгі себеп қатты желдің болуы. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Авиациялық және оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты.
"Авиациялық оқиғаның негізгі себебі ұшақ төмен биіктікте ұшып шығып күшті желдің ықпалына түсуі. Соның салдарынан ұшу барысында ерекше қауіпті жағдай туындаған. Әуе кемесінің экипажы ұшақты басқара алмай жерге соғылған. Одан бөлек, соңғы ұшуда авиациялық оқиғаның маңызды себебінің бірі ұшу барысында қозғалтқыштың уақытша қуатын жоғалтып алуы", - дейді басқарма басшысы.Оның сөзіне қарағанда, ұшақ шырқау биікке ұшу барысында рөлдің өз жұмысын кенеттен тоқтатуы салдарынан қозғалтқыш тұрақсыз жұмыс істеген.
"Осы авиациялық оқиғаны тексергенде "Training venter Part-FCL” ЖШС жұмысында анықталған кемшіліктер, деректерді бұрмалау мен сәйкессіздер себеп болып отыр. Тексеру комиссиясы арқылы оқу әуе кемелерінің пайдалануына, Азаматтық авиация академиясына және комитетіне тиісті нұсқаулар берілді. Бұл жағдай болашақта осыған ұқсас әуе апаттары оқиғаларының болу ықтималдығын төментеді", - дейді Нұрлан Жұмасұлтанов.
Айта кетейік, 2017 жылдың 10 тамызда Алматы қаласының түбінде оқу-жаттығу кезінде азаматтық авиация академиясының Tecnam 2002 ұшағы апатқа ұшырап, курсант пен ұшқыш инструктор қаза тапқан болатын.