Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде қаладағы муралдар заң аясында қаралып, қорғалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Мурал төңірегіндегі дауға байланысты қаланың келбеті жеке компаниялардың шешімдерінен зардап шекпеуі үшін тәуелсіз көркемдік сараптама жасауға бола ма?, – деген саулын қойды Алмалы ауданының тұрғыны.
Ерболат Досаев Алматының дизайн-кодын әзірлеу аясында муралдар мәселесі қаралып жатқанын айтты.
Муралдарға қатысты мәселе, егер оларға ресми мәртебе берілмесе, шешілмейді. Қазіргі уақытта Алматының дизайн-кодын әзірлеу аяқталып келеді, онда мұралдар бөлініп, жарнаманы орналастыруға және өзгерістерге байланысты мәселелер қала құрылысы және урбанистика басқармасымен келісілуі тиіс. Өкінішке қарай, Coca-cola оқиғасы МИБ-пен келісім төңірегінде болды. Өкілдер шартқа қол қойып, компания 1,5-2 миллион теңге берді де, тұрғын үй қабырғасына «бұл біздікі» деп жарнама орналастырды. Бұл бір жағынан дұрыс, өйткені бүгінде муралдарға қатысты нақты заңмен бекітілген ереже жоқ. Осының аясында біз аудандар бойынша муралдардың тізімін жасап, анықтаймыз. Мен муралдарды заңдастырғым келеді, – деді Алматы қаласының әкімі.