Алматы әкімі ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті

7 Қараша 2022, 20:33
976
Бөлісу:
Алматы әкімі ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті

Кездесуге ЕҚЫҰ-ның ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі миссияның басшысы Уршула Гацек және Франция мен Черногориядан келген бақылаушылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімі консультативтік қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық туралы айтты.   

Қазіргі таңда байқаушылар мемлекеттік орган, саяси партия, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізіп жүр. Сайлау күні миссия мүшелері сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беруді, бюллетеньдерді санауды және қорытындысын бақылайды.  

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) миссиясына 11 халықаралық сарапшы және 30 ұзақ мерзімді бақылаушы кіреді. 

Өзгелердің жаңалығы