Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімдігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі отырысында берген тапсырмасын орындау аясында «Қазақстан халқына» қоры құрылып, қор басшысы тағайындалды. Осыған байланысты Алматы қаласы әкімдігі қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударуға шешім қабылдады, – деді қала әкімі.
Жиын барысында қаланы қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.